«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді

Елордалық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық команда жаңа маусымда алғашқы кездесуінде елордада 2 қыркүйекте Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен шеберлік байқасады.

Ал одан кейін 4 қыркүйекте Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен мұз айдынға шықса, 7 қыркүйекте Нососібірде аталған ұжыммен тағы бір кездесу болады.

Өткен маусымда шығыс конференциясында 11-орынды місе тұтып, плей-офф сатысына шыға алмады.

Еске салсақ, елордалық клуб демалыстан<span> </span>16 шілдеде шығады.

Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексерістен өтеді. Ал 19 шілде күні тест тапсыру жоспарланған.

Одан кейін 20 шілде - 8 тамыз аралығында Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады.

Команда 10-14 тамыз аралығында Ресейдің Қазан қаласында өтетін TANECO кубогына қатысса, 20-25 тамыз күндері Омбыдағы турнирде бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или