OCTAGON 46 турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін Алматыда Еуразиялық лигасының OCTAGON 46 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Кеш аясында 15 жекпе-жек өтеді, басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.
Кештің негізгі жекпе-жегінде танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.
«OCTAGON» сериалының басты актері Арнұр Қабдолдаев үшінші жекпе-жегін өткізеді, оның қарсыласы қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек «17 кг» Абдубалиев болады.
Сондай-ақ, кеш аясында танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов (1-0), Тәжікстаннан келген поп-ММА файтері Саймумин «Метро Люблино» Мадиев (5 -1), орта салмақтағы чемпион Керим Даидов (7-0) және т.б. спортшылар өнер көрсетеді.
Турнир Астана уақытымен 18:00-де басталады. Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасында қолжетімді болады.