Қырғызстандық файтердің UFC-дегі чемпиондық реваншының өтетін күні белгілі болды

Қырғызстандық файтердің UFC-дегі чемпиондық реваншының өтетін күні белгілі болды

Қырғызстан намысын қорғайтын жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Валентина Шевченко мексикалық Алекса Грассоға қарсы чемпиондық реванш өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Main Card телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 2023 жылдың 16 қыркүйегіне жоспарланған. Кездесу Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 225 турнирінің басты жекпе-жегі аясында өтеді, нақты уақыты әлі белгісіз.

Биыл 5 наурызда Шавкат Рахмоновтың қатысуымен өткен UFC 285 турнирінде бұған дейін чемпиондық титулды 7 рет қорғаған Шевченко Грассодан жеңіліп қалған болатын. Мексикалық спортшы төртінші раундтың соңында жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или