Ресейлік файтер допингпен ұсталды
Ресейлік файтер Ризван Куниев 12 айға турнирлерге қатысудан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сәуір айының басында Куниев Лас-Вегаста өткен PFL 2 турнирінде бразилиялық Ренан Феррейраны жеңді. Жекпе-жектен кейін ресейлік допинг сынамасынан өтіп, оның ағзасында дростанолон, метенолон, болденон және 19-норандростерон заңсыз препараттары бар екенін көрсетті.
Куниев пен Феррейра жекпе-жегінің нәтижесі жойылды. PFL-дағы допингке қарсы бағдарламаны Американың допингке қарсы агенттігі (USADA) басқарады.
31 жастағы Куниев ММА бойынша Еуропа чемпионы. Оның еншісінде 11 жеңіс және 2 жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или