Шавкат Рахмонов UFC-ге үндеу жасады
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) әлеуметтік желіде ұйымға үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Келесі кім, UFC? Жекпе-жек өткіземіз бе?», – деп жазды Рахмонов.
Қазақстан тумасы, жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған Рафаэль Физиев бұл жазбаға смайлик қойып, пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгін Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін чемпион атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или