Батыс-Азия Суперлигасының жартылай финалындағы «Астана» - «Әл-Манама» матчының тікелей трансляциясы

Батыс-Азия Суперлигасының жартылай финалындағы «Астана» - «Әл-Манама» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Дубайда «Астана» Батыс-Азия Суперлигасының жартылай финалы аясында бахрейндік «Әл-Манама» клубына қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, «Астана» өз тобында бірінші орын алған болатын. «Әл-Манама» алғашқы ойында Ливанның «Әл-Рияди» командасынан 84:112 есебімен жеңіліп, екінші ойында «Бейрут Клабты» 86:75 есебімен жеңген еді.

«Әл-Манама» - 1946 жылы құрылған және Бахрейн Премьер-лигасында ойнайтын кәсіпқой баскетбол клубы. Олар елдің баскетбол тарихындағы ең атақты команда. Клуб 21 рет чемпион атанып, 18 Кубок және 5 Суперкубок жеңіп алған.

Айта кетейік, «Астана» мен «Әл-Манама» бұған дейін кездеспеген. Жартылай финалдық кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. Матчты Qazsport арнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или