«Барыс» Президент Кубогын жеңіп алды

Елордалық «Барыс» Астанада өткен ҚР Президенті Кубогының финалында «Адмирал» командасын 3:2 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап «Барыс» басымдықты қолына алып, шабуылды үдетті. Алайда алғашқы кезеңде шайба соғылмады.

Ал, екінші кезеңнің 1-ші минутында Брендон Боченски есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осыдан кейін «Адмирал» ойыншысы Максим Мамин есепті теңестірді.

Ойынның 36-шы минутында «барыстық» Евгений Рымарев Талғат Жайлауовтың пасынан кейін есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда қонақтар сапынан Константин Макаров шайба соғып, есепті қайта теңестірді.

Кездесудің үшінші кезеңінде командалар қанша тырысқанымен есеп өзгермеді. Осылайша матч овертаймда жалғасты. Шешуші кезеңде «Барыс» ойыншысы Талғат Жайлауов тағы бір нәтижелі пас берді. Шайба авторы - Роман Старченко. Осылайша өте тартысты ойында алаң иелері Президент Кубогында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осыған дейін турнирдің қола жүлдесін Ханты-Мансийск қаласының «Югра» командасы ұтып алған еді. Ал, барлық командаларға есе жіберген новокузнецкілік «Металлург» жарыстың 4-ші орнында қалды.

«Барыс» - «Адмирал» 3:2 О.Т (0:0, 2:2, 0:0, 1:0)

Шайбалар:

1:0 - 20:27 Боченски (Даллмэн, Доус)

1:1 - 24:46 Мамин (Яковлев)

2:1 - 35:42 Рымарев (Жайлауов)

2:2 - 36:17 Макаров (Александров)

3:2 - 62:09 Старченко (Жайлауов)

Қақпашылар: Лацо - Бобков.

kazsport.kaztrk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или