Қазақстандық регбишілер Португалиядағы турнирде үздік атанды

Португалияның Альгарве қаласында регбиден IV халықаралық 7-Algarve Sevens турнирі аяқталды, онда Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық қыздар "В" тобында өнер көрсетіп, алдын ала кезеңде өткен үш кездесуде қарсыластарын ірі есеппен ұтты. Одан кейін ширек финалда ағылшындық Sketty Hoops клубын 48:5, одан кейін жартылай финалда Португалия құрамасын 36:5 есебімен ұтты.
Ал соңғы табанды ойында қазақстандық регбишілер Landes sevens (Франция) командасын ұтты – 14:12.
Algarve Sevens – биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған беделді халықаралық турнир. Жыл өткен сайын оған қызығушылық танытатын командалар мен клубтар саны артып келеді. Биылғы жылы португалиялық жарысқа ерлер мен әйелдерді қосқанда 60 команда келді.