Резников жас ММА жұлдызын «соққының астына алды»
Қазақстандық танымал актер әрі файтер Арнұр Қабдолдаев әлеуметтік желідегі парақшасында отандық файтер Артем Резников жаттығуда өзін «ұрып жатқан» видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кадрда бокс қолғабын киген Резниковтың қазақстандық ММА жұлдызының құрсағына ауыр соққы жасап жатқанын көруге болады, OCTAGON туралы алғашқы отандық сериалдың басты актері соққыға барынша шыдап бағады.
Айта кетейік, 16 маусымда Сочиде өтетін жеңіл салмақтағы ACA Гран-приінің финалында Артем Резников (24-6) ресейлік Эдуард Вартанянмен (24-4) кездеседі.
Арнұр Қабдолдаевқа (2-0) келетін болсақ, ол келесі жекпе-жегін 24 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 46 турнирінде өткізеді, оның қарсыласы қырғыз поп-ММА жұлдызы Эльчибек Абдубалиев болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или