Гандболдан Азия чемпионаты: «Қайсар» мен «Шаңырақ» матчының тікелей трансляциясы
15 маусымда Алматыда гандболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатының 2-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қызылордалық «Қайсар» гандбол клубы «Шугар Глидерс» (Оңтүстік Корея) командасымен кездеседі, ойын Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Қазақстандық екінші клуб «Шаңырақ» «Аль Курайн» (Кувейт) командасымен кездеседі. Матч 18:00-де басталады.
Екі матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, турнир 14-20 маусым аралығында Алматыда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или