Чарльз Оливейра UFC 289 турнирінде Бенеил Дариушты нокаутқа түсірді
Бүгін, 11 маусымда Ванкуверде (Канада) аралас жекпе-жектен кезекті UFC 289 турнирі өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің екінші маңызды айқасында бразилиялық Чарльз Оливейра мен шыққан тегі ирандық америкалық Бенеил Дариуш кездесті.
Жекпе-жек Оливейраның бірінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Бүгінгі жетістігінен Оливейраның еншісінде 34 жеңіс және тоғыз жеңіліс бар. Дариуштың еншісінде 22 жеңіс, бес жеңіліс және бір тең нәтиже бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или