Алматыдағы ыстық кеш! Осы сенбіде Nomad FC турнирін өткізіп алмаңыз

Алматыдағы ыстық кеш! Осы сенбіде Nomad FC турнирін өткізіп алмаңыз

Қазақстандық Nomad Fighting Championship лигасы 10 маусым күні Алматыда ашық турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек кеші аясында 13 тартысты кездесу өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық терминатор Мұратбек Қасымбай әйгілі ресейлік поп-ММА өкілі Никита Солонинмен кездеседі.

Ко-мейн ивентінде танымал қазақстандық Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевпен күш сынасады.

77 келіге дейінгі салмақта Гран-при финалында Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров Темірұлан «Underdog» Шашубаймен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы 5 000 000 теңге алады. 

Сондай-ақ турнир аясында Қазақстан мен Өзбекстанның екі кәсіпқой боксшысы – Бектас Қасеная мен Исламбек Пірмановтың жекпе-жегі

Билеттер 4 000 теңгеден басталады. Сатып алу - zakazbiletov.kz.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или