Алматыдағы турнирде Гамзат Хирамагомедов қырғызстандық чемпионмен жұдырықтасады
Ресейлік файтер Гамзат Хиримагомедов келесі жекпе-жегін Урал ФК және Найза лигаларының бірлескен турнирінде қырғызстандық Еділ Есенғұловқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек бастапқы кардта орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Кәсіпқой аралас жекпе-жектен Гамзат Хиромагомедовтың еншісінде он жеңіс, үш жеңіліс бар. Сондай-ақ, ол әуесқой ММА бойынша екі дүркін әлем чемпионы.
Есенғұлов жартылай орта салмақтағы Open FC чемпионы. Аралас жекпе-жектен 22 жеңіс, бес жеңіліс және бір тең нәтиже бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или