Лео Игита «Ақтөбе» ФК бас бапкеріне қолдау көрсетті

Лео Игита «Ақтөбе» ФК бас бапкеріне қолдау көрсетті

«Қайрат» АФК капитаны Лео Игита «Ақтөбе» ФК бас бапкері Андрей Карповичке қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Бапкерге осынша қысым жасаудың не керегі бар? Команда осылай жақсарады деп ойлайсыздар ма? Жұмыс істеу керек, болды! Бапкерден клубтан кетуді сұрау - ең дұрыс нұсқа емес.

Соңғы маусымдарда «Ақтөбе» өте жақсы ойнады! Бұл маусым жанкүйерлер қалағандай емес. Тек жұмыс арқылы бұл сценарийді өзгертуге болады», - деп жазды Лео.

Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік клубтың жанкүйерлері бас бапкердің қызметтен кетуін талап еткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0