«Барселона» экс-ойыншысы қару қолданғаны үшін қамауға алынды

«Барселонаның» бразилиялық экс-ойыншысы Дуглас Сантос тұтқындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшыға заңсыз қару қолданды деген айып тағылды. Ол саябақтардың бірінде аспанға бірнеше рет оқ атқан.
Футболшы оқ атқанын мойындады, бірақ құқық қорғаушылар тапаншаны таба алмады.
Еске салайық, Сантос «Барселона» сапында 2014-2019 жылдар арасында болып, осы уақыт ішінде 8 матчқа қатысқан.
Қазір бразилиялық ойыншы еркін агент.