Олжас Есқараевтың жаңа қарсыласының есімі белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Олжас Есқараев (12-5) Brave FC-де жаңа қарсылас алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы келесі жекпе-жегін 23 маусымда Бахрейнде өткізеді. Жеңіл салмақтағы оның жаңа қарсыласы франциялық Илис Джирун (18-7) болады.
Еске салайық, Есқараев 29 сәуірде Алматыдағы Octagon 44 турнирі аясындағы кейінгі жекпе-жегінде қырғызстандық Айдарбек Кабыловты нокаутқа түсірген болатын.
Айта кетейік, былтыр Олжас Есқараев жеңіл салмақтағы Brave чемпионы атағына үміткер болған, бірақ титулдық жекпе-жекте Кубанычбек <span>Абдисалам уулудан </span>жеңіліп қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или