ММА

Хабиб командасының америкалықтармен жекпе-жегі Қазақстанда өтеді

Хабиб командасының америкалықтармен жекпе-жегі Қазақстанда өтеді

Америкалық B-Team Jiu-Jitsu командасы UFC аты аңызға айналған Хабиб Нурмагомедовтың командасына қарсы грэпплинг жекпе-жегі Қазақстанда өтетінін жариялады.

Бұл ақпаратты B-Team мүшесі Этан Крелинстен растады.

- Командалық турнир Қазақстанда өтеді. Біздің команда Хабиб Нурмагомедовтың командасына қарсы. Хабибтің өзі күреспейді ол команданы жаттықтыратын болады, - деді Крелинстен The Simple Man подкастында.

Хабиб Нурмагомедов ММА мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 29 жеңіске жетті. 2020 жылдың қазан айында ол жеңіл салмақта UFC әлем чемпионы атағымен спорттық мансабын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0