OCTAGON 45 турнирінің бастапқы кардына қатысушылар белгілі болды

27 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 45 турнирінің прелим-кард қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Еуразиялық жекпе-жек лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыр салмақтағы жекпе-жек:
Александр Кроль (0-2, Қазақстан) – Данияр Шахаров (0-1, Қазақстан)
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Зилола Мухаммадова (дебют, Өзбекстан) – Антонина Котляровская (1-0, Қазақстан)
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Арзымат Камашов (3-4, Қырғызстан) – Асқар Жақсылықов (2-1, Қазақстан)
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Кутман Асеков (4-4, Қырғызстан) – Саят Абдуали (2-0, Қазақстан)
Ауыр салмақтағы жекпе-жек:
Махмуд Мохамед Афиа (6-4, Мысыр) – Полат Мұрсалиев (2-0, Қазақстан)
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек:
Алимжон Шадманов (7-3, Өзбекстан) – Рүстем Мухатов (10-3, Қазақстан).
27 мамырда Алматыда өтетін кештің мейн ивентінде Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) аса жеңіл салмақтағы титулын үшінші рет қорғайды. Қарсыласы қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулу (11-6) болады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы чемпион Карим Рузбакиев (9-1) пен поп-ММА жұлдызы ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) кездеседі.