ATP рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бір сатыға көтеріліп, қазір 48-орынға жайғасты. Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко орындарын жақсартса, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев және Григорий Ломакин рейтингте төмендеді.
Жұптық рейтингте Александр Недовесов төрт сатыға, ал Андрей Голубев он екі сатыға төмендеді. Қазір олар 67 және 81-орында тұр.
ATP рейтингі. 22 мамырдағы орындар
1 (+1). Карлос Алькарас (Испания) – 6815
2 (+1). Даниил Медведев (Ресей) – 6330
3 (-2). Новак Джокович (Сербия) – 5955
4 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 4915
5. (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 4775
6 (+1). Хольгер Руне (Дания) – 4375
7 (-1). Андрей Рублев (Ресей) – 4270
8 (0). Яник Синнер (Италия) – 3435
9 (0). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3390
10 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3065
48 (+1). Александр Бублик (Қазақстан) – 915
147 (-3). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 412
291 (+2). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 176
305 (-9). Денис Евсеев (Қазақстан) – 166
326 (-10). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 153
413 (+6). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 108
939 (-14). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 14
Фото atptour.com