Хоккей

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан - Словения матчының тікелей трансляциясы

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан - Словения матчының тікелей трансляциясы

22 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатында Словения құрамасына қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы кездесудің турнирлік маңызы жоқ – қазақстандықтар жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қалды, ал бірде-бір ұпай жинай алмаған словениялықтар әлемдік хоккей элитасымен қоштасады. Дегенмен, қазақстандықтар жеңіске жете алмаса, әлем чемпионатындағы өнеріне жүз пайыз көңілі толуы екіталай. Ал топтық кезеңдегі алтыншы орын жетіншіден жақсырақ болатыны анық. Сондықтан Ғалым Мәмбетәлиев командасы матчқа толық дайындықпен келеді.

Қазақстан - Словения матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 23:10-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0