Nomad FC Қазақстандағы алғашқы ашық турнирдің кезекті жекпе-жегін жариялады

Nomad Fighting лигасы 10 маусымда Алматыда өтетін Қазақстандағы бірінші стадиондық турнирдің кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандық жанкүйерлерге жақсы таныс Серік Сармұхаммед ресейлік поп-ММА өкілі Марат «Даггер» Исаевпен кездеседі, ресейлік спортшы бұған дейін Hardcore, Hype Fighting, Pravda Boxing лигаларында бақ сынаған.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров пен Темерулан «Underdog» Шашубай арасында жартылай орта салмақтағы Гран-при финалы өтеді.
Сондай-ақ, турнирде қазақстандық танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтар, Фарид Ядуллаев, Васиф «Esuriens» Аббасов, Шамиль «Пахан» Галимов және т.б. спортшылардың қатысуымен жекпе-жектер өтеді.
Тарихта алғаш рет өтетін стадиондық жекпе-жек турниріне билеттерді<span> </span>almaty-arena.kz<span> </span>сайтынан сатып алуға болады.
Nomad FC<span> </span>лигасының ресми серіктесі -<span> </span>UNDERDOG Sports спорттық агенттігі