Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Олимпиада жүлдегерін жеңіп кетті

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Словакияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыластар ойынның негізгі уақыты пен қосымша уақытта жеңімпазды анықтай алмады – 3:3. Ал буллит сериясында Қазақстан хоккейшілерінің жолы болжы – 4:1.
Біздің құрама сапында Роман Старченко, Валерий Орехов және Евгений Рымарев шайба соқты.
Айта кетейік, турнирде Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Норвегияны буллитте ұтып, одан кейін Чехия, Швейцария және Канададан жеңіліп қалды.
Қазақстан - Словакия 4:3 Б (0:1, 3:0, 0:2, 0:0, 1:)
0:1 - Кох (Гривик) - 14:58
1:1 - Старченко (Рымарев, Данияр) - 21:03
2:1 - Орехов (Михайлис, Старченко) - 24:50
3:1 - Рымарев (Михайлис, Старченко) - 25:22 ГБ
3:2 - Паник (Гривик, Кох) - 48:33
3:3 - Регенда (Гривик, Иван) - 56:58
4:3 - Михайлис - 65:00 Б
Қақпашылар: Шутов - Главай