Хоккей

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

Қазақстан құрамасы 2023 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінде жоғары дивизионда өнер көрсететін Ригаға ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейшілердің ұшақтан түскен суретін Head on the Ice жобасы жариялады. Қазақстандықтармен В тобында Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцария командалары күш сынасады.

Қазақстандықтар әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін 13 мамырда норвегиялықтарға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0