русский язык
Бокс

Бокстан әлем чемпионатының алтыншы күні құрамалар қалай ойын көрсетті

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні, 6 мамырда Қазақстан құрамасы мен олардың қарсыластары қалай ойын көрсеткені белгілі болды.

Бүгін ел құрамасынан екі боксшы ойын көрсетті. Алдымен, Дулат Бекбауов (67 келі) румыниялық Андрей Мустетті тізе бүктірді. Ал, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) Тринидад және Тобаго елінен келген Аарон Принстің осал тұсын тапты.

Ал, Өзбекстан құрамасынан шаршы алаңға үш спортшы шықты. Этникалық қазақ Руслан Абдуллаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Колин Ришарноны жеңсе, Асадхуджа Муйдинхуджаев (67 келі) жапониялық Юто Вакитадан, Саиджамшид Джафаров (71 келі) мексикалық Марко Верде Альварестен басым түсті.

Ресей құрамасынан Тархан Идигов (67,5 келі) эфиопиялық Биньям Абебе Йелишоны, Игорь Свиридченков (71 келі) таиландтық Пеерапат Йеасунгноенды жеңсе, Габил Мамедов (63,5 келі) таиландтық Хунатип Пиднучке есе жіберді.

Сондай-ақ, Куба сапынан Хорхе Куэльяр (71 келі) оңтүстікафрикалық Симникиве Бонгконы, Роньель Иглесиас (67 келі) доминикандық Джонни Фернандесті, Ласаро Альварес (63,5 келі) бразилиялық Юри Фалькао дос Рейсті тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;