Недовесов Италиядағы турнирдің алғашқы кезеңінде сүрінді

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Кальяриде (Италия) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жұптық сайысында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда серб Никола Качичпен жұп құраған қазақстандық Александр Эрлер (Австрия)/Лукас Мидлер (Австрия) дуэтінен 6:7 (5:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч ұзақтығы 1 сағат 21 минутты құрады.