Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жеребе нәтижесі белгілі болды

Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан А тобында өнер көрсетеді. Біздің спортшылар Өзбекстан, Корея, Қытай және Непал гандболшыларымен шеберлік сынасады.
В тобында қожайындар Үндістан, Жапония, Тайбэй, Бангладеш, Гонконг және Пәкістан болады.
Жарыс15-24 шілде аралығында өтеді.