Рахмоновтың экс-қарсыласының титулды кездесуі, Шарипованың ММА-дегі үшінші жекпе-жегі және Тоқтардың оралуы

Рахмоновтың экс-қарсыласының титулды кездесуі, Шарипованың ММА-дегі үшінші жекпе-жегі және Тоқтардың оралуы

29 сәуірде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 44 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Әзербайжан, Ресей, Бразилия және Бахрейн файтерлері тартысты 16 жекпе-жек өткізеді.

Турнирдің бастапқы карды аясында Райымбек Асан (2-0) өнер көрсетеді. Оны UFC файтері Дамир Исмағұлов екі салмақ дәрежесіндегі ұйымның болашақ чемпионы деп атаған болатын.

Бұрынғы кәсіпқой боксшы екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Сенбі күні оның қарсыласы жеңіліп көрмеген ирандық файтер Мохамеджавад Хоссейнабадимен (2:0) болады.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте тәжікстандық «Гангстер» Шерзод Ибодилоев тәжірибелі қазақстандық файтер Дархан Сқақовпен (7-4) кездеседі. Екі файтер де кейінгі жекпе-жегінде жеңіліп қалған еді.

Жарты жылдан астам үзілістен кейін октагонға танымал қазақстандық файтер Олжас Есқараев (13-6) оралады. Ол кейінгі жекпе-жегінде ММА аңызы таиландтық Роланди Диді (14-13) жеңген болатын. Бұл жолы оның қарсыласы қырғызстандық Айдарбек Кабылов (10-6) болады.

O44 турнирінде бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова (2-0) ресейлік спортшы Илона Бондаренкомен (1-0) кездеседі. 

Шарипова бұл жекпе-жекті UFC чемпионы атағына тағы бір қадам деп санайтынын айтқан болатын.

 

Ко-мейн ивентте белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (5-2) октагондағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы 21 жастағы ирандық Паям Назари (3-1) болады. Назари кейінгі төрт жекпе-жегін отанында LFC және CFC ұйымдарында өткізіп, үш жеңіске қол жеткізген, оның екеуінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы бахрейндік Магомед Магомедов (11-0) тәжірибелі қазақстандық файтер Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы титулын қорғайды.

Әділ Боранбаев - UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы, ол лигадағы екінші жекпе-жегіне шығады. 4 наурызда Ташкенттегі «Боран» турнирінде Бобур Абдулазимовты (8-10) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Дағыстан тумасы кәсіпқойлар арасында жеңілмеді.

Турнир 29 сәуірде Астана уақытымен 18:00-де басталады деп жоспарланған. Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясын Еуразиялық промоушеннің OCTAGON TV ресми YouTube арнасынан және Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агеннтігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или