OCTAGON 44 турнирінің медиа-күнінің видеосы жарияланды

OCTAGON 44 турнирінің медиа-күнінің видеосы жарияланды

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі 29 сәуірде Алматыда өтетін OCTAGON 44 турнирінің медиа-күнінің видеосы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Сенбі күні бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова, телехикая және кино актері Еркебұлан Тоқтар, танымал қазақстандық блогер Әділет «Упучук» Айтжанов және отандық танымал файтер Олжас Есқараев өнер көрсетеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы бахрейндік Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық аралас жекпе-жек ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы чемпиондық атағын қорғайды.

Кешке билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или