«Алтай» Азия волейбол чемпионатында Қытай командасына есе жіберді

«Алтай» Азия волейбол чемпионатында Қытай командасына есе жіберді

Өскеменнің «Алтайы» Вьетнамда (Виньфук) волейболдан өтіп жатқан ХХІІІ Азия клубтық чемпионатында жарыстың үшінші күні жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан чемпионы «В» тобында қытайлық «Liaoning Donghua VC» клубымен сынға түсті.

Аталмыш команда Қытай чемпионатында жетінші орын алғанымен, бәсекеге қабілетті екендігін таныта білді.

Юрий Панченко алдымен Сана Анарқұлова, Анджела Веселинович (байланыстырушы), Сара Сакрадзия, Светлана Парухова, Валерия Чумак, Мәдина Бекет, Томирис Сағымбаеваға (екеуі де либеро) сенім артты.

Екінші кезеңнен бастап байланыстырушы Елизавета Мейстерге қоса Ирина Малькова, Татьяна Никитина ойынға қосылды.

Қазақстандықтар әр сеттің басында алға шыққанымен, соңғы жағында есе жіберіп қойып жатты. Сөйтіп, 19:25, 22:25, 21:25 есебімен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или