«Ляонин» – «Алтай» матчының тікелей трансляциясы

«Ляонин» – «Алтай» матчының тікелей трансляциясы

27 сәуірде Виньхукте (Вьетнам) өтіп жатқан волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аясында «Алтай» қытайлық «Ляонин Донхуа» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскемендік волейболшылар «Ляонин Донхуа» (Қытай), «Хип Хин» (Гонконг), «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия) және «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд) командаларымен бірге В тобына бақ сынап жатыр.

Екі топта алғашқы екі орын алған команда жартылай финалға шығады, қалған командалар 5-9-орындарды сарапқа салады. 

«Ляонин» – «Алтай» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 12:25-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или