«Алтай» клубтық Азия чемпионатында «Хувсгул Эрчим» командасын жеңді
Волейболдан Вьетнамда өтіп жатқан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші кездесуінде «Алтай» «Хувсгул Эрчимді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өскемендік клубтың спортшылары моңғолиялық волейболшылардан басым түсіп, Азия чемпионатының екі кездесуінде де жеңіске жетті.
Клубтық Азия чемпионаты. Әйелдер. Вьетнам
Матч 0:3 есебімен аяқталды.
Еске салайық, бұл чемпионатта қазақстандық волейболшылар В тобында өнер көрсетеді, олардың келесі қарсыластары қытайлық «Ляонин» ВК және Гонконгтың «Хип Хинг ВБ Клаб» командалары болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или