Азат Мақсұмның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі қайда өтетініні жарияланды
Underdog Management баспасөз қызметі жеңілмеген қазақстандық Азат Мақсұмның UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіне қатысты ресми ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіліп көрмеген қазақстандықтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Бір қазақтан жеңілген. Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін кіммен өткізеді?
Мақсұмның жекпе-жегі 15 шілдеде Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Apex аренасында өтеді деп хабарланды. Бұған дейін америкалық Тайсон Нам қазақстандықпен октогонға шығатыны белгілі болды.
Еске салайық, 27 жастағы Мақсұмның ММА-да қатарынан 16 жеңісі бар.
Әлемдегі ең үздік ММА промоушенінде Қазақстан атынан Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов және Мария Агапова да өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или