Бір қазақтан жеңілген. Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін кіммен өткізеді?

Бір қазақтан жеңілген. Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін кіммен өткізеді?

Бүгін түнде қазақстандық Азат Мақсұмның (16-0) UFC-дегі алғашқы қарсыласы америкалық ММА ардагері Тайсон Нам (21-13-1) болатыны ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Намды ТМД елдеріндегі аралас жекпе-жек жанкүйерлері жақсы біледі, өйткені ол бір кездері Fights Night Global промоушенінің құрамында болған. Қазақстандық жанкүйерлерге бұл спортшы Жалғас Жұмағұловпен шайқас өткізгенінен кейін жақсы танымал. 

2018 жылы екі сенімді жеңісінен кейін Нам Fight Nights Global 86 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

– Шынымды айтсам, Жалғастан мұндай тартысты күтпедім. Ол абыроймен өнер көрсетті және менің барлық соққыларыма төтеп берді», - деді Тайсон жекпе-жек аяқталғаннан кейін.



Жакодан жеңілгеннен кейін Нам X-1 World Events промоушнының аясында екі сәтті жекпе-жек өткізді, содан кейін UFC-мен көптен күткен келісімшартқа қол қойды.

Америкалық он жылдан астам кәсіби ММА-да жүргеннен кейін Ultimate Fighting Championship турниріне алғаш рет қатысты. 2019 жылдың 21 қыркүйегіндегі промоутерлік дебютінде Нам Серхио Петтиске қарсы Алекс Перестің орнына шығып, жеңіліп қалды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында UFC-дегі соңғы шайқасында 39 жастағы ардагер бразилиялық Бруно Сильвадан ұтылды. Қазіргі уақытта Нам UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жетті. Бір қызығы, үш жеңісін де файтер мерзімінен бұрын жеңген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или