Агапова қайда жұмыс істейтінін айтты
Қазақстандық UFC файтері Мария Агапова (10-4) демалыссыз күзетші және тату-мастер болып жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Файтер Инстаграм желісіндегі парақшасында екі жұмысынан фото жариялады.
«Демалыс жоқ», - деп жазды спортшы.
Еске салайық, спортшы тізесіне жасалған отадан кейін қалпына келіп жатыр. Оған 2022 жылдың қыркүйегінде канадалық Джиллиан Робертсоннан (16-8) жеңілгеннен кейін ота жасау қажет болды. Қалпына келу тағы екі айға созылады. Қазақстандық файтер екі сәтсіз жекпе-жек сериясымен келеді, Агапова кейінгі рет өткен жылдың аяғында жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или