«Алтай» клубтық Азия чемпионатындағы матчтар күнтізбесін білді
25 сәуірдеВиньхукте (Вьетнам) волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты басталады. Бұл турнирде Қазақстан намысын еліміздің қазіргі чемпионы «Алтай» қорғайды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Өскемендік волейболшылар «Ляонин Донхуа» (Қытай), «Хип Хин» (Гонконг), «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия) және «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд) командаларымен В тобына енді.
Екі топтың бірінші орын алған екі команда жартылай финалға шығады, қалған командалар 5-9-орындар үшін таласады.
«Алтайдың» топтық кезеңдегі матчтарының кестесі (басталуы Астана уақытымен көрсетілген):
25 сәуір. «Алтай» – «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд). 15:00<br />26 сәуір. «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия) – «Алтай». 15:30<br />27 сәуір. «Ляонин Донхуа» (Қытай) – «Алтай». 12:30<br />29 сәуір. «Алтай» – «Хип Хин» (Гонконг). 09:30
Фото instagram.com/altayvc