Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі рекорды бұзылды

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі рекорды бұзылды

Ресейлік файтер Сергей Павлович UFC-дегі алтыншы жеңісінен кейін қазіргі уақытта ең ұзақ белсенді ерте жеңістер сериясына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Невада штатының Лас-Вегас қаласында UFC APEX аренасында өткен Павлович пен Кертис Блэйдс арасындағы турнирдің басты жекпе-жегі ресейлік спортшының бірінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Ресейлік спортшының оған дейінгі барлық жекпе-жектері бірінші раундта нокаутпен аяқталды. Осы алты жекпе-жекке барлығы 737 секунд, яғни 12,3 минут жұмсаған.

Осылайша, ол UFC-де бес рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен қазақстандық Шавкат Рахмоновты басып озды. Оның ММА-да барлығы 17 жеңісі бар, жеңілген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или