Қазақстандық файтер еуропалық лиганың чемпионы атағына таласады

Қазақстандық файтер еуропалық лиганың чемпионы атағына таласады

Қазақстандық файтер Нұржан Ақышев (15-3) 17 маусымда польшалық Fight Exclusive Night (FEN) лигасында дебют жасайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт үш жекпе-жекке жасалған.

Алғашқы жекпе-жегінде Нұржан жартылай жеңіл салмақтағы FEN чемпионы Каспер Формеламен (15-4) жұдырықтасады. Бұл кездесу Остродадағы FEN 47 турнирінің басты жекпе-жегі болады.

Нұржан Ақышев қатарынан төрт рет жеңіске жетті. Кейінгі жекпе-жегін биыл 19 ақпанда Алматыдағы OCTAGON 41 турнирінде өткізіп, Үндістан өкілі Кушал Виясты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

 

Фото instagram.com/fightexclusivenight

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или