Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Италиядан жеңілді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Италиядан жеңілді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға есе жіберді.

Кездесу барысында италиялық хоккейшілер жауапсыз үш шайба соғып кетті. Нәтижесінде қазақстандық құрама қарсыласына 0:3 есебімен жол берді.

Алғашқы екі турда турда хоккейшілер Ұлыбританияға 0:1, Словенияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.

Айта кетсек, 17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында ойындар өткізіледі.

Енді қазақстандық хоккейшілер 22 сәуірде Польша, 23 сәуірде Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или