Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында үшінші матчта жеңіліп қалды
Хоккейден Қазақстан командасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан 1в дивизионында өткен әйелдер хоккейінен әлем чемпионатында үшінші матчта жеңіліп қалды.
Біздің команда Италияға қарсы ойнады. Матч қарсыластардың пайдасына 3-0 есебімен аяқталды.
Голмен ерекшеленгендер: Варано, Абатанджело, Кампо болды.
Бұған дейін Қазақстан Ұлыбритания мен Словениядан ұтылғанын қосамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или