Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақатына байланысты әлем чемпионатында өнер көрсетпейді

Хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақатына байланысты әлем чемпионатында өнер көрсетпейді

Shaiba.kz сайтына белгілі болғандай, қорғаушы Егор Шалапов жарақатына байланысты Қазақстан құрамасы сапында алдағы әлем чемпионатында өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, 28 жастағы хоккейші ақпан айының ортасында жарақат алып, «Барыстың» ҚХЛ тұрақты маусымындағы кейінгі матчтарына қатыспаған болатын. Астаналық клуб сапында ол 33 ойын өткізіп, 4 (1+3) ұпай жинаған.

Егор Шалапов Қазақстан құрамасында үш әлем чемпионатында және Олимпиадалық іріктеу турнирінде өнер көрсеткен. Хоккейші «Барыс» жүйесінде 2016 жылдан бері ойнап келеді.

Алдағы әлем біріншілігі 12-28 мамыр аралығында Рига мен Тампере қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы Латвия астанасында өнер көрсетеді. Қазақстанның «В» тобындағы қарсыластары Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия және Словения құрамалары болады.

Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Қазақстан азаматтығынан бас тартып, ұлттық құрама сапында ойнамайтын болды. Леонид Металников та алдағы әлем чемпионатында ұлттық құрамада өнер көрсетпейді.

Фото: Максим Шмаков, photo.khl.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или