Фируза Шарипованың ММА-дағы жекпе-жегі ресми жарияланды
Octagon лигасы қазақстандық боксшы Фируза Шарипова мен ресейлік Илона Бондаренко арасындағы жекпе-жекті ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар 29 сәуірде Алматыдағы <span>Octagon 44</span> турнирі аясында Балуан Шолақ аренасында кездеседі.
Фируза Шарипова үшін бұл аралас жекпе-жек форматындағы үшінші жекпе-жек, ол бұған дейін лигада 2 рет жеңіске жеткен.
Айта кетейік, кештің басты кездесуінде Магомед Магомедов (11-0) атақты қазақстандық файтер Әділ Боранбаевпен (21-9-1) жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы титулын қорғайды.
Мамыр айында Шарипова Таразда WBC Silver титулы үшін Рут Чисалемен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или