Қазақстан құрамасының қарсыласы бас бапкер ауыстырды
Беларусь шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Минск «Динамосының» жаңа бас бапкері Дмитрий Квартальнов Беларусь құрамасының сапында мамыр айында Қазақстан мен Ресейге қарсы өтетін матчтарда бапкерлік қызмет атқарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұндай шешімді Беларусь шайбалы хоккей федерациясының Атқару комитеті қабылдады. Ресейлік маманға ұлттық құрамамен жұмыс тәжірибесі бар Павел Перепехин мен Андрей Мезин көмектеседі.
Еске салайық, мамыр айында Беларусь құрамасы үш елдің бес қаласында Ресей және Қазақстан құрамаларымен бірқатар жолдастық кездесулер өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или