«Қайрат» өз алаңында «Жетісуға» есе жіберді

«Қайрат» өз алаңында «Жетісуға» есе жіберді

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 37-минутта Виктор Васин есеп ашты.

Ойынның 54-минутында «Жетісу» сапынан Рати Ардазишвили таразы басын етңестірді.

Ал 74 -минутта Андрей Ульшин қайтадан «Қайратты» алға шығарса, талдықорғандық клубтан Мәди Хасейн 80,Руслан Теверов 90-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Бұл - алматылық клубтың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілісі болса, талдықорғандық клубтың бірінші жеңісі.

Енді сағат елорда уақытымен 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или