ҚПЛ: 5-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 5-тур ойындарының тікелей трансляциясы

<span>8 сәуірде Астана, Петропавл, Шымкент және Қызылорда қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 5-туры аясында ойындар өтеді, деп хабарлайды </span>Prosports.kz.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де «Астана Аренада» көкшетаулық «Оқжетпес» пен павлодарлық «Ақсу» кездеседі. 

Астана уақытымен сағат 16:00-де петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. Солтүстікқазақстандықтар әлі ұпайдан шашау шығармаған жалғыз команда, олар қатарынан бесінші жеңіске жетуге тырысады.

16:00-де тағы бір кездесу басталады. Шымкенттегі «Намыс» стадионында атакенттік «Мақтаарал» мен ақтаулық «Каспий» кездеседі. Айта кетерлігі, екі команда да әлі ұпай еншілеген жоқ. 

Бүгінгі соңғы матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен қарағандылық «Шахтер» кездеседі. 

Qazsport телеарнасы «Оқжетпес-Ақсу», «Қызылжар-Атырау» және «Қайсар-Шахтер» матчтарын көрсетеді. Трансляция ОСЫ ЖЕРДЕ қолжетімді болады.

«Оқжетпес» – «Ақсу», «Қызылжар» – «Атырау» және «Қайсар» – «Шахтер» матчын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или