Шорт-тректен IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Астана қаласында «Алау» мұзайдынында шорт-тректен IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды. Алғашқы жарыс күні 1500 метрде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталса, эстафетада жартылай финалға шыққан командалар белігі болды.
Ұлдар арасында 1500 метрге жарыста Мақсат Уалиулла (БҚО) чемпион атанды. Ал қостанайлық Руслан Плотников пен Жандос Серікпаев үздік үштікті түйіндеді. Қыздар арасында бұл қашықтықта Алина Әжғалиева (БҚО) топ жарса, Анастасия Астраханцева (Қостанай) күміс, Зейнеп Құмархан (ШҚО) қола жүлдеге қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или