Максим Самородов Премьер-лигада 50-ші ойынын өткізді

Максим Самородов Премьер-лигада 50-ші ойынын өткізді

20 жастағы ақтөбелік жартылай қорғаушы Максим Самородов «Қызылжарға» қарсы ойында (1:3) Премьер-лигада өзінің 50-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Максим Самородов «Ақтөбе» сапында Қазақстан Премьер-Лигасындағы дебютін 2019 жылдың 5 қазанында Алматыда «Қайратқа» қарсы ойында (0:6) өткізді. Ол 80-минутта Асланбек Кәкімовтің орнына шықты.

Алғашқы голын 2021 жылдың 2 шілдесінде ақжайықтық Сергей Литовченкоға соғып, дубль жасаған. Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 50 матч өткізіп, 10 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или