Вороговский Бельгия чемпионатында кезекті голын соқты

Вороговский Бельгия чемпионатында кезекті голын соқты

«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасы плей-офф кезеңінің бесінші турында «Беерсхот» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:1 есебімен аяқталды.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді әрі гол соғып, көзге түсті.

Бұл қазақстандық қорғаушының биылғы маусымдағы үшінші голы. Ол бұдан бөлек екі мәрте нәтижелі пас шығарған.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «РВД Моленбек» 56 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал басты бәсекелесі «Беверен» еншісінде 55 ұпай бар.

«Беерсхот» — «Моленбек» 1:1

Гол соққандар: Ван ден Берг 51 — Вороговский 47.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или