«Бізге сәттілік жетіспеді». Всеволод Садовский – «Астанаға» қарсы матч туралы
«Ордабасы» шабуылшысы Всеволод Садовский Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген сұхбатында «Астанаға» қарсы матч туралы пікірін айтты.
– Всеволод, матч туралы не айтасыз?
– - Жақсы ойын болды. Біраұ біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық және гол өткізіп алдық. Өкінішке орай, жеңіліп қалдық.
– Төреші жұмысына қандай баға бересіз? «Астананың» екінші голы алдымен офсайд болғандай еді, кейін есепке алынды.
– Білмеймін, өйткені ол сәтті көрген жоқпын. Төреші солай шешсе, ол бәрін анық көрді деген сөз.
– Командаңыз неге жеңіске жете алмады?
– Менің ойымша, бізге сәттілік жетіспеді.
– Бүгін көптеген ойыншы негізгі құрамда шықпады. Неліктен?
– Олар ұлттық құрамалар ойынынан кішігірім жарақатпен келді, демалыс керек болды. Маусым әлі ұзақ, бір матчқа бола тәуекелге барудың қажеті жоқ.
– «Қызыл-Жар» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңіп, бірінші орынға шықты. Бұл туралы не айтасыз?
– Олар жарайды екен! Ойынды көрген жоқпын, бірақ жеңіске жетсе, демек олар жақсы ойнады деген сөз. Бірақ маусым әлі ұзақ екенін қайталап айтамын, бұл бастамасы ғана. Менің ойымша, алда көп нәрсе өзгереді.