Қазақстан-U19 қыздар құрамасына шақырылған футболшылардың тізімін жарияланды

Қазақстан-U19 қыздар құрамасына шақырылған футболшылардың тізімін жарияланды

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Орынбасар Дәуренбекова Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Біздің қыздар Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, содан соң Уэльске аттанады. Еске сала кетейік, Қазақстан қыздар құрамасы «В» Лигасының 6-тобында өнер көрсетеі. Қарсыластары – Уэльс және Эстония құрамалары.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек («БИІК-Шымкент»), Арина Орел («Ақсу»)

Қорғаушылар: Александра Набокова («Шахтер»), Қазына Норбаева, Жанеля Ержанова (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Аида Ердәулетова, Әсел Жұмағали (екеуі де – БЖМОРСМ №17), Анель Бланк («Жетісу»), Кәмшат Жаңаева («Оқжетпес»)

Жартылай қорғаушылар: Анастасия Тян, Анастасия Перейма, Алина Хан, Сарбиназ Тұрсынқұл (барлығы – БЖМОРСМ №17), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Милана Ткач («Согдиана», Өзбекстан), Маргарита Талдыкина («БИІК-Шымкент»), Лунара Мыңжасар (Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК), Айкүнім Рысбекова, Томирис Темірбекова (екеуі де – «Астана»)

Шабуылшылар: Яна Романова, Олеся Шаповалова (екеуі де – «Шахтер»), Ақтоты Әубекер («Тараз»), Полина Осипова (Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК), Нұрсұлу Балжан (БЖМОРСМ №17)

Бапкерлер штабы: Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкер, Валентина Пенькова – бас бапкердің көмекшісі, Қазыбек Мамиленов – қақпашылар бапкері.

 

Ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

4 сәуір

Уэльс WU-19 – Қазақстан WU-19 – 23:00

 

7 сәуір

Қазақстан WU-19 – Эстония WU-19 – 17:00

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или