Әзербайжандық файтер Қазақстан туын көтеріп тамаша перформанс жасады. Видео
Hardcore Boxing чемпионы әзербайжандық Эмиль Новрузов Nomad Fighting лигасында керемет перформанс көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
«Гладиатор» бразилиялық кәсіпқой боксшы Эдуардо Кастроға қарсы кездесуге атқа мініп, иығына Қазақстан мен Әзербайжан туын іліп шықты.
Белгілі қазақстандық ММА өкілі Жұман Жұмабеков те қатысқан турнирдің толық видеосын төменде көре аласыздар:
Айта кетейік, 10 маусымда Алматы Аренада ауқымды Nomad Fighting турнирі өтеді, кеш аясында танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар, сондай-ақ Эмиль «Гладиатор» Новрузов өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, салтанатты кеш аясында жартылай орта салмақтағы Шерзод Абдужаппаров пен Темерұлан Шашубай арасындағы бірінші гран-при финалы өтіп, чемпиондық белбеу мен 5 000 000 теңге жүлденің иесі анықталады.
Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі